Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Семейде бозбала мотоцикл тізгіндеп, өзін тоқтатқан полицейлерден қашты

Семей қаласында 15 жастағы бозбала мотоцикл тізгіндеп, өзін тоқтатқан полицейлерден қашты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Семейде бозбала мотоцикл тізгіндеп, өзін тоқтатқан полицейлерден қашты
Фото: Абай облыстық ПД

Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелеттік жасқа толмаған мотоциклшіні полицейлер байқап қалып бірден тоқтатқан.

«Оқиға кеше түнде қала іргесіндегі көшелердің бірінде болды. Жоғары жылдамдықпен жүрген мотоциклші патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Сондай-ақ көлік құралында нөмірлік белгілер болған жоқ. Тәртіп сақшылары бозбаладан тоқтауды талап етті. Алайда ол бұған бағынбай, жылдамдықты арттыра түсті», - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мотоциклші тоқтатылып, заңды өкілдеріне берілді.

«Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы сағат 23:00-ден кейін оның үйден тыс жерде болғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар мотоцикл айыппұл тұрағына қамалды. Жасөспірімнің тәртібі Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады», - делінген ақпаратта.