Орал қаласында жасөспірім өзіне қол жұмсаған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 сәуір күні болды.
«Өзінің мекенжайындағы сарайдан жасөспірімнің денесі табылды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері аталған деректі тексеруде. Тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, жасөспірім қала мектептерінің бірінде 9-сыныпта оқыған.