Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында қар жауды. Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанда қар жауғаны жайлы фото, видео тарап жатыр.
Соған орай Kazinform тілшісі «Қазгидромед» РМК-ның облыстық филиалының басшысы Ләззат Болатханға хабарласты.
«Иә, қар жауғаны рас. Нақты айтқанда, Риддер қаласына, Тарбағатай, Катонқарай мен Марқакөл аудандарына қар түсті. Бірақ бұл таңғаларлық жайт емес. Кейбіреулер сәуірде қар жауыпты деп жатқанымен, бұл аудандар үшін қалыпты дүние. Себебі таулы аймақ болғаннан кейін жыл сайын күн суытқан осы кезеңде қар түседі», - деді ол.
Алдағы 2-3 күнде бұл жерлерге тағы да қар жаууы ықтимал.