Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Сабап, пышақ ала жүгірген: Шымкентте анасы қызын аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

Шымкентте қолына пышақ ұстап, қызын аяусыз ұрып-соққан әйелдің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны көршісі жіберген. Ол аты-жөнін атамауды сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сабап, пышақ ала жүгірген: Шымкентте анасы қызын аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Видеодан келіншектің жасөспірімге пышақ ала ұмтылғанын көруге болады. Ал қорғануға тырысқан қыз жан дауысымен айқайға басып, өтініп жылай бастайды. Оның бұл әрекеті келіншекті одан сайын ашуландырған секілді. Ол қызды алдымен шапалақпен ұрып, кейін шелекпен ұрып-соғады. Жасөспірім соққыдан қашып құтылмақ болған. Алайда нәтиже болмаған. Бұдан өзге әйел оны футболкасынан ұстап, жұдырықпен ұра бастайды.

Жаға ұстатарлық жағдай үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеоны редакцияға жолдаған дереккөздің мәліметінше, оқиға 30 наурызда «Нұрсат» шағын ауданында болған және бұл пәтерде мұндай жанжалдар жиі орын алады екен.

«Анасы туған қызына пышақ ала жүгірді. Мен олардың көршісімін. Олар жақында  көшіп келген. Келіншектің бұдан өзге екі немесе үш кішкентай баласы бар. Нақты санын білмеймін. Оларға  көмектесіңіздерші», – деп жазды анонимді дереккөз.

Қалалық Полиция департаментіндегілер аталған факті бойынша 31 наурызда қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Видеодағы жасөспірім әйелдің бірінші некеден туған қызы. Ол қазіргі уақытта әкесінің қамқорлығында.

Келіншектің қызына мұншалықты қатыгездік танытуына не себеп болғаны белгісіз. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Бұл іс Шымкент қалалық ПБ бастығының бақылауында», – деп жауап берді «редакциясы сауалына полициядағылар.