Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Жетісайда полицейлер жүргізушіге электрошокер қолданған (ВИДЕО)

Түркістан облысы Жетісай ауданында Ішкі істер басқармасының қызметкерлері ішімдік ішті деп күдіктенген көлік жүргізушісіне электрошокер қолданған. Оның видеосы Асылбек Тумышев есімді қолданушының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған, деп хабарлады Otyrar.kz.

Жетісайда полицейлер жүргізушіге электрошокер қолданған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған. Полицейлер оны ішімдік ішті деген күдікпен тексеруге алып кеткісі келген. Алайда ер адам ішімдік ішпегенін айтып, полиция көлігіне отырудан бас тартқан. Ал жүргізушінің өзі полицейлерге бес уақыт намазын оқып, мешітте азан шақырып жүргенін, өмірге келгелі спирттік ішімдік ішпегенін айтқан. Оған тәртіп сақшылары сенбей, талапқа бағынбаған жүргізушіге электрошокер қолданып, тексеруге алып кеткен. Тексеруде жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталған.

Жүргізушінің айтуынша, электрошокердің салдарынан оның денесі жарақаттанған.

Осыдан кейін Түркістан облыстық полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді. Полицияның мәліметіне қарағанда, құқық қорғау органының қызметкерлері көшелерді патрульдеу кезінде Daewoo NEXIA автокөлігі жүргізушісінің ережесі бұзғанын анықтаған.

Жүргізушіде сақтандыру полисі болмаған. Көлігі техникалық байқаудан өтпеген. Ол жол белгілерінің талаптарын сақтамаған. Соған байланысты әкімшілік хаттамалар толтырылған, – деді полицейлер.

Осы оқиғадан кейін жүргізуші Түркістан облысының полиция департаментіне арызданған. Қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша тәртіп сақшыларының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.