Қарағанды облысында пышақпен қаруланған ер адам көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, оны жарақаттады, деп хабарлайды Paryz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Патриот» зардап шеккен адамның видеосын жариялады.
Бет-аузы қан-жоса болған жәбірленуші өз көлігімен Астанаға қарай келе жатқан кезде Нұра ауданындағы аялдамада көлікті тоқтатып тұрған әйелді көргенін айтады. Ол тоқтап, әйел көлікке отырады. Бірақ осы сәтте белгісіз ер адам (әйелдің ұлы болуы мүмкін) есікті ашып, жүргізушіге пышақпен шабуыл жасаған.
Интернет-басылым көлік жүргізушісінің не үшін шабуыл жасалғанын өзі де түсінбей қалғанын жазады.
«14 наурызда Қарағанды облысының Нұра ауданында полиция жергілікті тұрғынға пышақ салды деген күдіктіні ұстады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді департаменттің баспасөз қызметі.