Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы маңында жер сілкінді

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 17:35 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Алматы маңында жер сілкінді
фото: Halyq uni

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.8, магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.