Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Болжам: Алдағы күндері Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды

Алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері болмайды. Болжамның дөп келу ықтималдығы — 70%. Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы осындай мәлімет таратты.

Болжам: Алдағы күндері Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды
Фото: pexels.com

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 4 наурыз күні 12 сағат 20 минутта Алматы болжам жасау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

Бүгін сағат 11:22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің магнитудасы 6.1 балл, ал Алматыда сезілуі 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.

Комиссия жер сілкінісінен соң дүмпулер болады деп санайды.

"Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.