Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Шымкентте әйел көлікте босанды (ВИДЕО)

Шымкентте патрульдік полиция жолда босанған әйелді перзентханаға жедел жеткізуге көмектесті, деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.

Шымкентте әйел көлікте босанды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қалада жүргізуші полициядан көмек сұраған. Ол тәртіп сақшыларына жолда әйелінің толғағы қысып, көлікте босанып қалғанын айтқан.

Нұралы Тәукеев пен Саят Керімбек атты патрульдік инспекторлар ана мен баланың медициналық мекемеге тез жетуі үшін бар күшін салған. Осылайша, олар бірнеше минут ішінде ана мен баланы дәрігерлерге тапсырды. Әйел екінші қызын дүниеге әкелді.

Қазір ана мен баланың жағдайы бірқалыпты. Бақытты әке полицияға алғыс айтты.