Ұлытау ауданы Томсықор ауылындағы жер үйде 3 адамға пештен шыққан ыс тиіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz
«27 ақпан Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.
Алдын-ала болжам бойынша уланудың себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу», - деп хабарлады ТЖМ.