Қарағанды облысында қатаң режимдегі түрмеде төбелес шығып, оның соңы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қарағанды облысындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда сотталғандар жаппай төбелесті. Аймақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәлімдеуінше, жанжал 24 ақпан күні орын алған.
«№ 29 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталғандар арасында жанжал болды, соның салдарынан олардың біреуі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта колонияда тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
№ 29 түзету мекемесі Абай қаласында орналасқан.