Қарағанды облысында танымал кәсіпкер, Петр Васильченко жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды «Вечерний Караганда».
Қайғылы оқиға 23 ақпанда Қарағанды-Балқаш тас жолының Ақшатау ауылының маңында болғаны хабарланды.
Петр Васильченко жүргізіп келе жатқан Mercedes Газельмен соқтығысқан. Мерседес көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Оның әйелі ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Петр Васильченко Қарағандыдағы нан пісіретін «Орион» наубайханасының иесі.
Сонымен қатар, 2022 жылдың мамыр айында ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш Нан" нан зауытын сатып алған.
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын қосты. Тиісті сараптамалар тағайындалды.