Щучье қаласында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ер адам ұсталып, үстінен іс қозғалған, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Биылғы жылғы ақпанның 10-да Ақмола облысы ПД қызметкерлері Щучье қаласында жанар-жағар құю станциясында жедел жәрдем автокөлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын салған ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің ПД баспасөз қызметінен.