Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Батыс Қазақстанда өз үйінен ер адамның денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында өз үйінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Батыс Қазақстанда өз үйінен ер адамның денесі табылды
Фото: Pixabay

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке сай, оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында болды.

Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан. Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.