Павлодарда жолда мас күйде құлаған адамды көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 қаңтар күні Успен ауылындағы Гагарин – Чехов көшелерінің қиылысында «Газель» жүк көлігінің жүргізушісі жол шетінде жатқан адамды қағып кеткен. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қайтыс болған адам болжаммен мас болған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада.