Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түркістан облысында банк менеджері тұрғындардың атынан 21 млн теңге несие рәсімдеген

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында банк менеджері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген, деп хабарлайды Paryz.kz.   

Түркістан облысында банк менеджері тұрғындардың атынан 21 млн теңге несие рәсімдеген
фото: ПД

"Қазығұрт аудандық полиция бөліміне бір топ аудан тұрғындары арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, аттарына бейтаныс біреу заңсыз несие рәсімдеген. Бұл факті "алаяқтық" бойынша тіркелді", - дейді ведомство.

Полицейлер арнайы топ құрып, жедел іздеуге кіріскен. Нәтижесінде, күдікті қолға түскен.

"Алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған. Осылайша 47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі 21 миллион теңге", - дейді полиция.

Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.