Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

Атырау облысында Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда төрт көлік соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем қызметкері көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты
Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Доссор-Бейнеу тас жолының 74-шақырымы тұсында төрт автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігіне соқтығысқан. Ал, 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жедел-жәрдем автокөлігіндегі 1964 жылғы медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Газель автокөлігінің жүргізушісі бұған дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2,3 бөлігімен, 590-бабының 5-бөлігімен, ал, жедел-жәрдем көлігінің 1997 жылғы 590-баптың 5-бөлігімен, 594-баптың 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.