Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт болып, екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен қиындады, өйткені үй толығымен ағаштан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады. Дегенмен, өрт толық сөндірілді.
Өртті сөндіру кезінде 2 мәйіт табылды. Ақмола облысының ТЖД қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.