Оралда екі қабатты дәмханада жарылыс болып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz.
Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштерінен 110-нан аса адам және 30 техника жұмылдырылды.
Қазір ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды. Оның 5-еуі медициналық мекемелерге жеткізілді, ал 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.
БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.