Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте жер үйден өрт шығып, 54 жастағы ер адам қаза тапты

Шымкентте жеке тұрғын үйде өрт болып, 54 жастаға ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Шымкентте жер үйден өрт шығып, 54 жастағы ер адам қаза тапты

Оқиға Тұран ауданына қарасты Жаңғақты көшесінде болды. Жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан 1970 жылы туған ер адам қаза болды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің болжамы бойынша, өрттің шығу себебі отты дұрыс қолданбаудан болған. Қазіргі таңда өрт-сынақ зертханасы және сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

«Улы газдан улану оқиғаларын болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан халық арасында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Оқиға орын алған аумақта 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығының» аясында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген» делінген департаменттің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.