Бүгін Қостанай қаласы Дружба ауылында екі қабатты «Жібек жолы» қонақ үйі өртенді. Өрт туралы хабарлама сағат 11:00-де түсті.
Өрт ғимараттың шатырын, екінші қабатын және бірінші қабатының жартысын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы 450 шаршы метр болды. Сағат 13:18-те толығымен жойылды. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері мен 4 техника және жергілікті атқарушы органның қызметкерлері мен 1 техника жұмылдырылды.
Өкінішке қарай, өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан бір әйел адамның мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында толықтай тергеу жүргізіледі.