Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты

Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде 31 жастағы жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz Кazinformға сілтеме жасап. 

«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Фото: qov.kz

«Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде 26 желтоқсан күні қайғылы оқиға болғанын қайғыра хабарлайды.

Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинистті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - делінген компания мәліметінде.