Ақтөбе қаласындағы орталық даңғылда көлік ағашқа соғылып, соның салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz
«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 16 желтоқсанда таңғы сағат 4.00 шамасында Әбілқайыр хан даңғылының бойында болған.
«ВАЗ-2114» көлігінің 18 жастағы жүргізушісі «Мир» бизнес орталығының жанына жеткен рөлді басқара алмай, ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді, алайда олар алған жарақатынан қайтыс болды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.