Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте қараусыз қалған сарайдың төбесі опырылып, жас жігіт қаза тапты

Шымкентте «Фосфорник» сарайының төбесі құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz. 

Шымкентте қараусыз қалған сарайдың төбесі опырылып, жас жігіт қаза тапты
Фото: otyrar.kz

Оtyrar жазуынша, қайғылы оқиға үш қабатты ескі ғимаратта болған. Оқиға болған сәтте ғимарат ішінде 18 жастағы жігіт достарымен болған.

«Ғимараттың төбесі шамамен сағат 20:00-де опырылып түскен. Төтенше жағдайлар департаменті және басқа да органдар қажетті шараларды қабылдады. Бұл жерге жастар жиі келеді, жақында ғана мұнда сериал да түсірілді. Түрлі видеолар түсіріп жатады», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Айта кетсек, аталған сарай ұзақ жылдар бойы бұрынғы кәсіпкер Тоқтар Төлешевке тиесілі болған. Ұзаққа созылған сот процестерінен кейін ғимарат 2023 жылдың 13 қарашасында ресми түрде мемлекет балансына берілді. Әбден тозған, тоналған, төбесін ұстап тұрған бағандары сынып, темірі кесілген ғимарат құлау алдында тұрған.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұдан бұрын ғимараттың алдағы уақытта аумағы абаттандырылып, көпсалалы жастар сарайы болып қайта жаңғыртылатынын айтқан болатын.