Ролик әлеуметтік желілерде тарап, қазақстандықтар болған жағдайға наразылық білдірді...
Шымкенттік полицейлер бекетте төбелескені үшін қызметтен қуылды. Жанжалды куәгерлер байқап қалып, видеоға түсіріп алған, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына cілтеме жасап.
Полиция тәртіп бұзушылар ішкі істер органдарының имиджіне нұқсан келтіргенін мәлімдеді. Ролик әлеуметтік желілерде тарап, қазақстандықтар болған жағдайға наразылық білдірді.
Видеодан патрульдік полицейлердің бір-бірінің жағасына жармасып жатқанын, олардың бірі, тіпті, әріптесінің бетінен ұрғанын көруге болады.
"Тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, тәртіптік комиссияның шешімімен қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және ішкі істер органдарының имиджіне нұқсан келтіргені үшін патрульдік полиция полкінің екі қызметкері де қызметінен босатылды",- деп түсініктеме берді Шымкент қаласының Полиция департаменті.
Олардың төбелесіне не себеп болғаны белгісіз.