Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz.
Қайғылы жағдайға қатысты Ақтөбе облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Ақтөбе қаласындағы №27 мектептің 13 жастағы оқушысы үзіліс кезінде сынып ішінде партаға соғылып құлап, соққыдан есінен танып қалған. Мектеп шұғыл жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жеткізілді. Ауруханадан суық хабар алынды, - деді Білім басқармасы.
Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.