Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Алматыда жанып жатқан үйден бес адам құтқарылды (ВИДЕО)

Алматыда жанып жатқан үйден бес адамнан тұратын отбасы құтқарылды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Алматыда жанып жатқан үйден бес адам құтқарылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 желтоқсан сағат 03:03-те бөлімше пультіне Наурызбай ауданы, Таусамалы шағын ауданы, Сәдуақасұлы көшесі, 125-үй мекенжайында шыққан өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Аға инженер, кезекші ауысымның басшысы, азаматтық қорғау капитаны Ж. Әкетай өтініш берушімен байланысып, жеке тұрғын үйдің ашық отпен жанып жатқаны туралы ақпарат алды. Өрт орнына келгеннен кейін өрт сөндіру басшысы үйде адамдардың болуына барлау жүргізу, сондай-ақ өртті сөндіруге оқпандарды бере отырып, өртке қарсы іс-әрекетті өрістету туралы бұйрық берді.

Барлау жүргізу барысында бөлімше командирі Ш. Таипов, аға өрт сөндіруші Ж Мамыт адамдарды тапты, олар шок күйінде болған.

Кезекші ауысымның нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында отбасы мүшелерінің өліміне және жарақаттануына жол берілмеді. Ер адам, әйел, жігіт пен екі қыз құтқарылды. Өрт 03:24-те оқшауланды, 3:40-та толығымен жойылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Сонымен қатар, үйлесімді жедел іс-қимылдардың арқасында тұрғын үйдің бөлмелеріне оттың таралуына жол берілмеді және сөндіру жұмыстары кезінде су төгілуінен туындайтын материалдық шығын барынша азайтылды.