Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Семейде мас адам көшеде оқушы қызға тап берген

Семей қаласында көшеде оқушы қызға тап берген ер адамға қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Семейде мас адам көшеде оқушы қызға тап берген
Фото: видеодан скриншот

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 7 желтоқсан күні болған. Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде қыздың айқайын естіп қалып, лезде әрекет етті. 

Ауа райы көше ойындары үшін мүлдем қолайсыз болып тұрғанын ескерген полицей балаға қандай да бір қауіп төніп тұрғанын түсінді. Айқай шыққан жерге барған тәртіп сақшысы кішкентай қызды қолында ұстап тұрған адамды көрді. Дереу көмекке келген полиция қызметкері оның жанында болатынын және еш ренжітпейтінін түсіндірді.

«Қызға көмек көрсетілді. Оның жанында болған белгісіз ер адамды полиция пунктіне апардым», - дейді учаскелік полицей. 

Баланың Семей қаласындағы мектептердің бірінде 6-сыныпта оқитыны белгілі болды. Қарағайлы шағын ауданындағы үйлердің жанынан өтіп бара жатқанда оған бөгде ер адам шабуыл жасаған. 

«Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, ұсталған ер адам «орташа дәрежедегі» мас күйде болған. Полиция лейтенанты Рымғали Жибраевтің уақтылы әрекет етуінің арқасында бала зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.