Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Алматыда дәмхананың бірінде қыздар пышақтасты

Алматыда дәмханада жанжал шығып, қыздардың бірі екіншісін пышақтаған. ҚазАқпараттың хабарлауынша, алдымен ақпарат әлеуметтік желіде тараған.

Алматыда дәмхананың бірінде қыздар пышақтасты
сурет ҚазАқпарат сайтынан

Жәбірленуші қыздың атынан айтылған оқиға Instagram-дағы пабликтердің бірінде жарияланды.

«Менің атым Бота. Қазір ауруханада пышақ жарақатымен жатырмын. 4 қыркүйекте жақын құрбыларым көп уақыттан бері дәмханаға жиналдық. Біраздан соң құрбым екеуміз сыртқа шықтық. Сол кезде 31 жастағы Айгерім Бақытжанқызын көрдік (лақап аты Айка-Мажор). Бір уақытта біз отырған кабинаға Айка Мажор келіп әңгімеге тартып, дауласа бастады. Мазамды алмауын сұрадым. Бірнеше секундтан соң арқамнан бірнеше рет пышақ салды. Қан ағып, құлап түстім», - делінген жазбада.

Белгілі болғандай, күдікті оқиға орнынан тайып тұрған, ал жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қылмыс Медеу ауданындағы дәмханалардың бірінде болған.

«Күдікті ұсталды. Ұрыс кезінде 2 рет пышақ салған. Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде келтірілген жарақаттың ауырлығы анықталып, құқықтық баға беріледі», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.