Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Атырауда қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсалаған

Атырауда кәсіпкерлерден 2,6 млн теңге алу кезінде қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілердің деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырауда қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсалаған
© Photo : Pexels / Tima Miroshnichenko

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсалаған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Полицейлер жәбірленушілерден 2 млн 600 мың теңге алу үшін кездесу ұйымдастырған қылмыстық топтың 4 мүшесін ұстады. Деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған топ наурыз айынан бері жәбірленушілерді бопсалап, әрқайсысынан 5 млн теңгеге жуық қаржы иемденбек болған", – деп хабарлады ведомстводан.
Қазір күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбады.