2 желтоқсан күні Пешковка ауылы «Трояна» ЖШС аумағындағы кептіру камерасынан өрт шықты, деп хабарлайды Paryz Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
200 шаршы метр аумақты қамтыған бөлек астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кетті.
- Өрт 7.30 шамасында толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - технологиялық процестің бұзылуы, - делінген хабарламада.