Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жамбылда 12 жасар оқушы қызды жүкті етті деген оқиғаға қатысты үшінші қылмыстық іс қозғалды

Жамбылда 12 жасар оқушы қызды жүкті етті деген оқиғаға қатысты үшінші қылмыстық іс қозғалды. Полиция заңсыз түсік жасату бойынша да тергеуді бастады, деп хабарлады «Информбюро» жаңалықтар қызметі.

Жамбылда 12 жасар оқушы қызды жүкті етті деген оқиғаға қатысты үшінші қылмыстық іс қозғалды
фото: Halyq Uni

Қазір алты айлығында алдырып тастаған шарананың белгілері іздестірілуде. Бұған дейін оқушы қызға ойнас жасады деген күдікпен 55 жастағы жергілікті депутаттың жолдасы қамалғанын айтқанбыз.

Сондай-ақ қылмысты жасырған мектеп әкімшілігінің бірқатар қызметкерлері жауапқа алынған еді. Жеке гинеколог маман жалдаған мектеп мұғалімдерінің әрекеті тергеу барысында расталған.

Айта кетейік, жүкті болған жетінші сынып оқушысы бір жылда үш мектепке ауыстырылған. Анасы болған жайды бір жылдан соң ғана тәртіп сақшыларына айтқан.