«Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде жазатайым жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Конвейер механизмімен қысылу нәтижесінде 1980 жылғы конвейер машинисі өлімге алып келген жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алушының қайтыс болғаны жайлы мәлімдеді», - делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламасында.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.