Павлодар облысының Ақсу қаласында 26 жастағы жігіт 12 жастағы оқушы қызды оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.
Қыздың анасының айтуынша, күдікті мектепке дейін қызбен бірге еріп барып, «қайталап жасауын» талап еткен.
Қалалық білім бөлімі ақпаратты растады. Жәбірленуші тараптың арызы негізінде 26 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.
Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желіде танысқан.