Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қызға таласқан нұрсұлтандықтар түн ортасында атыса кеткен

"Мен полиция мен жедел жәрдем шақырдым. Бірақ, бір минуттан кейін жаралыларды көлікке салып алып кетті..." - дейді куәгер.

Қызға таласқан нұрсұлтандықтар түн ортасында атыса кеткен
фото: facebook.com

Нұр-Сұлтанда жексенбіге қараған түні жас жігіттер бойжеткен үшін төбелесіп, бір-біріне оқ атты. Тәртіп сақшылары барлық күдіктіні ұстап, полиция басқармасына жеткізді, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Түнгі атыс туралы елорда тұрғыны Элмира Баекешова Facebook-тегі парақшасына жазған.

"Бірінен соң бірі атылған оқтың даусы естілді. Терезеден қарасам, жаппай төбелес болып жатыр. Жаралылар қансырап жерде жатыр. Бір топ адам Сембинов көшесіне қарай қашып кетті. Мен полиция мен жедел жәрдем шақырдым. Бірақ, бір минуттан кейін жаралыларды көлікке салып алып кетті", - дейді ол.

Қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Полицейлер жігіттердің қыз үшін төбелескенін анықтаған.

"24 қаңтарда 102 пультіне сағат 01.09-да қалалық ауруханаға оқ жарақатымен 19 және 23 жастағы екі ер адам түскені жайлы хабарлама келді. Белгілі болғандай, бұрынғы таныстар арасында қыз үшін төбелес шыққан", - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір жанжалдасқан адамдардың барлығы ұсталып, Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.