Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Астанада әйел адам терезеден секіріп кетті

Елордада әйел терезеден секіріп қайтыс болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz 

Астанада әйел адам терезеден секіріп кетті
Фото: Pixabay

Ақпаратта айтылғандай Н. Тілендиев даңғылында әйелдің қаза болу фактісі бойынша елордалық полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес «суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

10 қарашада «102» арнасына Н. Тілендиев даңғылының бойындағы тұрғын үй терезесінен әйелдің құлағаны туралы қоңырау түсті. Ол алған жарақаттан сол жерде қайтыс болды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды, - дейді полициядан.