Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Абай облысында тасжолда адам қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Абай облысы Аягөз ауданында тасжолда адам қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Абай облысында тасжолда адам қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды
Фото - СҚО ПД баспасөз қызметі

Аягөз ауданының 56 жастағы тұрғынын көлік қағып кеткен. Көлік жүргізушісі бірден сол жерден бой тасалаған.

«Ер адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Ол 6 қараша күні сағат 21.00 шамасында елді мекеннің жанындағы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолында белгісіз жүргізушінің өзін қаққанын, содан кейін медициналық көмек көрсетпей, оқиға орнынан қашып кеткенін жеткізді. Дәрігерлер полицейлерге хабарласқаннан кейін Аягөз ауданының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды», - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Көп ұзамай камералар арқылы күдікті ұсталды. Ол «Toyota» маркалы көліктің 33 жастағы жүргізушісі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.