Елордалық зейнеткер зират басында телефонын ұрлатып алды, – деп хабарлады Polisia.kz.
70 жастағы әже ұрлық дерегі бойынша полицияға арызданған.
Оның айтуынша, түскі уақытта туыстарының қабірін тазалап жатқанда ұялы телефонын жоғалтып алған. Егде жастағы әйел қоқыс шығаруға кеткен, бірақ қабірге оралғанда гаджеттің жоғын байқаған. Зейнеткер дуалға іліп қойған күртешесінің қалтасында қалдырған телефонын таппай қалған.
Сарыарқа аудандық ПБ криминал полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотты болған 34 жастағы ер адамды ұрлық жасады деген күдіпен ұстады.
Күдікті зират ішімен өтіп бара жатып, ұрлыққа барғаны белгілі болды.
Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам сатып үлгерген телефонды полицейлер арызданушыға қайтарып берді. Қазір күдіктінің елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.