Өскемен-Алтай тас жолындағы екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап
Оқиға бүгін, 4 қарашада болған.
«Өскемен— Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай автожолының 110 шақырымында екі автокөлік соқтығысып, нәтижесінде үш жолаушы сол жерде қайтыс болды, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.