Шығыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.
YK-news жазуынша, қайғылы оқиға Өскемен – Риддер тасжолында болған.
«Быструха кентінің маңында жол-көлік оқиғасы болып, ВАЗ 2107 мен ВАЗ 21010 көліктері соқтығысқан. Соның салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 2007 жылы туған жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.