Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

ШҚО-да әйелін ұрған ер адам шақыртуға келген полицейді де таяқпен соққыға жықты

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында әйелін ұрған ер адам шақыртуға келген полицейді де таяқпен соққыға жыққан, деп хабарлайды Paryz.kz. 

ШҚО-да әйелін ұрған ер адам шақыртуға келген полицейді де таяқпен соққыға жықты
Фото: yk-news.kz

Осыған байланысты сот ісі аудандық сотта қаралған. Белгілі болғандай, учаскелік инспектор тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша шақыртуға барған.

Үйге келген кезде іште бұрын сотталып шыққан 29 жастағы азамат пен әйелі болды. Ер адам тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

«Сол кезде полицей оған бағынбаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Ал ол болса қолына таяқ алып, құқық қорғау органы қызметкерінің арқасына және басына соққы жасады», - делінген сот үкімінде.

Сот шешімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 5-бөлігіне (Билік өкілін қорқыту немесе күш көрсету) сәйкес кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.