Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қарағанды шахтасында тағы жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

Бүгін Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам көз жұмды, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағанды шахтасында тағы жарылыс болып, 11 адам қаза тапты
фото: облыстық әкімдіктен

Қайғылы оқиға жайлы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлады.

Апат кезінде шахтада 252 адам болды, жер бетіне 205 шахтер шығарылды.

"Шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты адамдар мен әріптестерім кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 бірлік техника және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсететін 3 психолог жұмыс істеуде. Сенім телефондары жұмыс істейді: (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23. Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз сіздермен бірге боламыз және осы қиын күндерде сіздерді қолдаймыз", - деп жазды аймақ басшысы.