Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкентте балалы әйел телефонын ала қашқан ұрыны ұрып жықты (ВИДЕО)

Шымкент полициясы балалы әйелдің телефонын ұрламақ болған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте балалы әйел телефонын ала қашқан ұрыны ұрып жықты (ВИДЕО)
фото: m.newsbryansk.ru

Департамент мәліметінше, телефон ұрламақ болған ер адам мен балалы әйелдің төбелескен сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кейін ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға 16-мөлтекаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған.

Келіншек баласына қарап тұрған сәтте күдікті келіп, шалбарының артқы қалтасындағы телефонын ала қашқан.

Артынан қуып жеткен келіншек ұрыны тартып құлатып, телефонын қайтып алады. Сол сәтте көшеде тұрған көршілер де көмекке келген.

Жәбірленуші полицияға арыз тастамаған.

Дегенмен шымкенттік тәртіп сақшылары аталған оқиғадағы күдіктіні іздестіріп жатыр. 

Видеода көрсетілген оқиға 24 қазан күні 16:30 шамасында Шымкент қаласында болған. Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдарына ешкім жазбаша арыз берген жоқ. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.