26 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандард кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с.
Астана қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Кей уақытта Қарағанды облысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Павлодар қаласында 26 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Семей қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 26 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр күтіледі. Қостанай қаласында 26 қазанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
26 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр. Петропавл қаласында 26 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, облыстың орталығында секундына 15-20 метр күтіледі. Қызылорда қаласында 26 қазанда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі. Жезқазған қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.