Ақтауда супермаркеттердің бірінде қызметкерді лифт басып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі сағат 01:10-да болған.
«34 жастағы жұмысшының үстіне лифт құлап кеткен. Нан салынған арбаны тартып алмақ болған ер адам оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша Ақтау қалалық ПБ тіркелді.
«Оқиға бойынша сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.