Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жамбыл облысында тоғыз айлық бала емізігін жұтып қойған

Жамбыл облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігерлері тоғыз айлық баланың ішегінен емізік алып шықты. Бөтен зат баланың ішкі-құрылысында бірнеше күн болған. Дәрігерлер де бала ішіндегі емізікті бірден анықтай қоймаған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында тоғыз айлық бала емізігін жұтып қойған
Жамбыл облысында тоғыз айлық бала емізігін жұтып қойған Фото: Денсаулық сақтау басқармасы

Ауруханаға жедел жәрдем көлігімен 9 айлық нәресте ауыр халде жеткізілген. Анасының айтуынша, бала үйінде ойнап жүріп, кенеттен есінен танып құлап, басынан жарақат алған. Біршама уақыттан кейін нәрестеде лоқсу, көпреттік құсу пайда болып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер шағымдарды ескере отырып, 9 айлық баланы бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызады. Бірақ қаншама ем-дом жүргізілсе де, нәрестеден өзгерістер байқала қоймаған соң, оны жедел түрде хирургтар да қарап, арнайы инструментальды зерттеу жүргізеді. Нәтижесінде нәрестеге «Жедел ішек өтімсіздігі» диагнозы қойылады.