Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға орнынан фото мен видео әлеуметтік желіде тарады. Онда марқұмның «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені жазылған.
«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.