Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде төрт альпинист биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға 12 қазан күні түс ауа салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Берілген ақпаратқа сәйкес, адамдар биіктікте жұмыс істеп жатқан кезде тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Олардың арасында 1999 жылы туған үш альпинист және 2002 жылы туған тағы біреуі бар. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Астана қаласы Полиция департаменті бұл жағдайды растады.
Құрылыс алаңында жұмысшылардың құлауына байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бір жұмысшы сол жерде көз жұмды, қалған үшеуі ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Астана полиция департаментінде.