Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Петропавлдың 44 жастағы тұрғыны тұтас қаланы «жарып» жібермек болған

Петропавлда ер адам қаланы жарып жіберемін деп қорқытқан, деп хабарлады Paryz.kz.  

Петропавлдың 44 жастағы тұрғыны тұтас қаланы «жарып» жібермек болған
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 қазанда сағат 13:40 шамасында Қазақстан Конституциясы-Казахстанская правда көшелерінің қиылысында тұрған «SOS» дабыл батырмасын басқан белгісіз ер азамат «102» арнасына қоңырау шалып, қаланы жарып жіберемін деп қорқытқан.

Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел арнаға хабарласқан ер адамды тез арада ұстады. Ол Өскемен қаласының бұрын бірнеше мәрте сотталған 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Айтуынша, бұл әрекетіне өміріндегі жеке мәселелері себеп болған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 273-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында ер адамның осындай әрекетке неліктен барғаны анықталатын болады.