Қарағанды- Астана тас жолында жантүршігерлік көлік апатынан екі отбасының 6 адамы қаза тапты. Оның біреуі -8 жастағы бала. Оқыс оқиға Осакаровка кентінен 50 шақырым жерде болды, деп хабарлайды Paryz.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна хабарлауынша, Қарағандыдан Астанаға бағыт алған Ford Ranger көлігінің 69 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай алдымен жол жөндеушіні басып өтіп, жол жиегінде тоқтап тұрған Камаз жүк машинасына соғылған. Соққының күштілігі сонша оның қасындағы әйелі мен артында отырған 2 жолаушы тіл тартпай кеткен. Ал 2015 жылы туған бала ауруханада көз жұмды. Марқұмдардың барлығы- Астана қаласының тұрғындары.
Оқиғаның мән- жайы тергеліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен қылмыстық іс қозғалды, деді облыстық полиция департаменті бастығы Құрманғали Исмағұлов.